Ақмола облысында полицейлер браконьерлерден төрт елік ұшасын тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Степногорск полиция басқармасының қызметкерлері "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы аясында заңсыз аң аулау фактісінің жолын кесіп, жабайы жануарлардың өлекселері бар автокөлікті ұстады.

Степногорск – Заводская автожолын патрульдеу кезінде табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторлары Mitsubishi автокөлігін тоқтатты.

Көлік салонында жүргізушіден басқа тағы үш жолаушы болған. Көлік құралын тексеру кезінде полицейлер 4 елік ұшасын, сондай-ақ мылтық пен оқ-дәрілерді тапты.

Іс жүргізу үшін ұсталғандар полиция басқармасына жеткізілді. Тәркіленген қару мен жануарлардың өлекселері тиісті сараптамаға жіберілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды