Covid-19, гонконг тұмауы және ЖРВИ: Астанада эпидемиологиялық жағдай нашарлады

Сурет: pixabay
Астананың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл Шағалтаева 2025 жылғы 17 қарашада өткен брифингте қаладағы тұмау және ЖРВИ жағдайы туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Айгүл Шағалтаеваның айтуынша, эпидемиялық маусым басталғалы бері астанада 82 520 ЖРВИ оқиғасы тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен маусыммен салыстырғанда 6%-ға жоғары. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 48 074 жағдай тіркелген.

"Соңғы аптада 23 002 жағдайды құрап, өткен аптамен салыстырғанда 1,5 есе өсті. Грипп пен ЖРВИ диагнозымен стационарға 577 бір жасқа дейінгі бала және 190 жүкті әйел жатқызылды. Лабораториялық бақылау барысында ЖРВИ мен грипп белгілері бар науқастардан алынған 285 үлгі зерттелді, оның 116 үлгісі оң нәтиже көрсетті. Бұл – АH3N2 грипп вирусы. Сондай-ақ, алты Covid-19 жағдайы анықталды", – деп хабарлады спикер.

Оның айтуынша, АH3N2 штаммы, яғни "гонконг тұмауы", алғаш рет 1968 жылы анықталған және жыл сайын айналымда болатын маусымдық грипп A типінің қосалқы штаммы болып табылады, жаңа штаммға жатпайды.

2025 жылғы 12 қарашада Астананың көпсалалы балалар ауруханасының медицина бойынша орынбасары, инфекционист дәрігер Роза Өтегенова стационарларда ЖРВИ мен грипп науқастарының көбейіп жатқанының себебін түсіндірген болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі