Алғабастағы өрт кезінде зардап шеккендердің бірі тікұшақпен Шымкентке жеткізілді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Жетісай ауданына қарасты Алғабастағы өрт кезінде зардап шеккен ер адам ТЖМ тікұшағымен Шымкентке жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Түркістан облыстық ауруханасы Шымкент қаласында орналасқандықтан, ал Жетісай ауданында шұғыл көмек көрсету үшін қажетті арнайы жабдық жеткіліксіз болғандықтан тасымалдау қажет болды. Қазавиақұтқару" авиациялық қызметінің борт нөмірі EC 145 тікұшақ экипажы Түркістан облысының Жетісай ауданынан санитарлық рейс орындап, Түркістан облысындағы өрттен зардап шеккен 1986 жылғы ер адамды Шымкентке жеткізді", делінген Түркістан облыстық ТЖД-ның 2025 жылғы 19 қарашадағы хабарламасында.

Экипаж мәліметінше, тікұшақ жерге қонған соң ер адам арнайы медициналық мамандардың бақылауына тапсырылды. Зардап шеккен адам Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді.

2025 жылғы 18 қарашада таңертең Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Алғабас ауылында екі қабатты жеке үйде өрт шықты. Барлау және өртті сөндіру барысында үйден ес-түссіз жатқан үш адам табылып, эвакуацияланды. Одан бөлек 12 адам өлі күйінде табылды, оның тоғызы - балалар. Зардап шеккендердің үшеуінің жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланады.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты