Алматыда заңсыз салынған ірі нысан сүрілуде

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда 2025 жылғы 26 қарашада заңсыз ірі нысан сүріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, сот шешіміне сәйкес Таугүл-3 шағынауданы Бекет Ата көшесі, 46 мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу басталды.

Сурет: Алматы әкімдігі

"Нысанның иесі (жеке тұлға) құрылысты рұқсатсыз жүргiзген. Басқарма тарапынан әкімшілік шаралар қолданылып, заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді. Аталған іс нысанды сүру туралы шешім қабылдау үшін сотқа жолданған болатын. 2025 жылы 20 қарашада Әуезов аудандық сотының шешімімен Қала құрылысын бақылау басқармасының талаптары қанағаттандырылды",- деп мәлімдеді ведомство.

Сурет: Алматы әкімдігі

Сот шешімін орындау мақсатында нысанды меншік иесі өзі бұза бастады.

Сурет: Алматы әкімдігі

Бұған дейін "Шымбұлақ" курорты қашан ашылатындығын жазғанбыз.

Алматы
Қазақстан
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі