"Шымбұлақ" курорты қашан ашылады

Чимбулак, Шымбулак, высокогорное урочище, горы, снег, горный курорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2025 11:38 Фото: pexels
"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты маусымның техникалық ашылуы туралы жағымды жаңалық мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, техникалық ашылу 26 қарашаға жоспарланған.

Бұл күні Сол жақ Талғар және жаңадан бастаушыларға арналған: Белый Мишка және Ак Барсик трассаларында сырғанауға болады.

"26 қараша мен 6 желтоқсан аралығында скипасстар Low Season бағасымен сатылады, ал жаңадан бастаушылар күні бойына бар болғаны 8 000 теңге болатын "Бастаушы" тарифін ала алады, ол арқылы жаңадан бастаушыларға арналған трассаларда сырғанауға болады",- делінген ақпаратта.

Курорт әкімшілігі бұл тариф тау шаңғысы мен сноубордқа алғаш қадам басқандарға немесе жаңа маусымға біртіндеп кірісіп, дағдыларын жаттықтырғысы келетіндерге сай келетіндігін айтты.

Сондай-ақ, негізгі жалға беру аумағы мен маусымдық локерлер Медеу базалық станциясына көшірілгенін еске салды. Ал, Шымбұлақ станциясында күнделікті форматта зат сақтауға арналған ұяшықтар бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: