Қолжетімді бағадағы азық-түлік, ет, жеміс-жидек: Астанада ірі жәрмеңке өтеді

Ет, қолжетімді баға, азық-түлік, жеміс-жидек, Астана, жәрмеңке  , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2025 17:24 Сурет: gov.kz
Астана қаласының әкімдігі 2025 жылы 3 желтоқсанда жағымды жаңалықпен бөлісіп, елордалықтарды қолжетімді бағадан құлағдар етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл арада ет жәрмеңкесі туралы сөз болып отыр.

"Елордада 6-7 желтоқсан күндері Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қатысуымен кезекті "Соғым-FEST" ет жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке Алаш тас жолы, 35Б мекенжайында орналасқан "Keryen Joly" сауда орталығының автотұрақ аумағында ұйымдастырылады", деп хабарлайды қала әкімдігі.

Сондай-ақ ссы күндері аталған сауда орталығында қала тұрғындарына жақсы таныс ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де өтеді.

"Мұнда еліміздің түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаштар, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да көптеген тауарларды қолжетімді бағада сатып ала алады. Жәрмеңке әр демалыс күні таңғы 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді". Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қонақтарға ыңғайлы болу үшін жәрмеңке маңына №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағытындағы автобустар қатынайды.

Бүгін, 3 желтоқсанда Мемлекет басшысы еліміздегі авиаотын тапшылығы мен баға мәселесін түбегейлі шешуді тапсырған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: