Қолжетімді бағадағы өнімдерді Астанада 26 және 27 шілдеде сатып алуға болады
Фото: Zakon.kz
Астанада 2025 жылдың 26 және 27 шілдесінде кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы бүгін елорда әкімдігі хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өндірушілер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген шаруа қожалықтарының азық-түлік өнімдерінің кең таңдауы ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеге келген жұрт жаңа жиналған көкөністер мен жеміс-жидекті, ет, сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, бал, тосап, табиғи шырындар мен өзге де тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Іс-шара сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін "KERYEN JOLY" сауда орталығында (Алаш тас жолы, 35-үй) өтеді.
Қосымша түрде, дәл осы күндері – 26-27 шілде аралығында демалыс күнгі жәрмеңкелер мына орындарда да жұмыс істейді:
- "Көктал" СОО аумағында (Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а);
- Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (Рио-де-Жанейро ТК қарсы бетінде).
- Жәрмеңке алаңдары сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript