Астанада ірі даңғылдардың бірі 20 күнге жабылады
"Инженерлік желілерді тарту жұмыстарына байланысты" Орынбор мен Бағланова көшелерінің аралығындағы Тұран даңғылының бойындағы көлік қозғалысы 20 күнге жуық уақытта екі бағытта да жабылады.
"Іргелес аумақтарға тиісті жол белгілері орнатылып, бағдаршамдардың жұмыс режиміне түзетулер енгізілді. Сонымен қатар, ақпараттық таблолар орнатылды. Баламалы бағыт - Айтматов көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы", - делінген хабарламада.
Елорда әкімдігі белгіленген мерзімде кептелістерді азайту мақсатында Қабанбай батыр даңғылының бойында автобус жолақтарымен қозғалысқа уақытша рұқсат етілгенін, олардың бойында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін есепке алу өшірілетінін атап өтті. N26, 27, 40 қалалық автобустардың бағыттары өзгерді.
"Полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерден өте сақ болуды және жолын алдын ала жоспарлауды сұрайды. Жаяу жүргіншілер де абай болу керек", - деп қосты Астана әкімдігі.