Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада жасөспірімнің денесі табылды

Астанада жасөспірімнің денесі табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2023 09:40 Сурет: Zakon.kz
Астанада 14 жастағы жасөспірім 12-қабаттың терезесінен секіріп кетті. Бұл туралы 2023 жылдың 21 қыркүйегінде Zakon.kz тілшісіне елорда тұрғыны айтты.

Астана тұрғынының айтуынша, қайғылы оқиға "Триумф" тұрғын үй кешенінде болған.

Zakon.kz редакциясы ресми түсініктеме алу үшін Астана полиция департаментіне жүгінді.

"20 қыркүйекте Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды.Алдын ала мәлімет бойынша, ол үйдің терезесінен құлап кеткен.Бұл факті ҚР ҚК 105-бабының ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу." – ред.) 3-б бойынша тіркелді. Астана ПД баспасөз қызметі

Ведомствода оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.

"Сізден ресми ақпаратқа сүйенулеріңізді сұраймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының негізінде, тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді", - деп қосты елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2023 жылдың 11 қыркүйегінде Алматы облысы Бесағаш ауылында, 10 жасар бала өз-өзіне қол жұмсау туралы хат жазып, бір қорап аспирин ішіп, төсекке жатады. Мектеп оқушысын ауыр халде анасы тауып алып, жедел жәрдем шақырған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: