"Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты 2024 жылы 1,5 миллион қонақ қабылдады

Медео, Медеу, канатная дорога на Чимбулак, Шымбулак, высокогорное урочище, горы, снег, холод, высокогорный спортивный комплекс, катания на лыжах, сноуборде, горный курорт, катания на Шымбулаке, катания на Чимбулаке, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2025 09:38 Фото: pexels
2024 жылы "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты 1,5 млн қонақ қабылдады. Бұл – отандық және шетелдік туристердің жалпы саны, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, тау-шаңғы курортына жазғы және қысқы маусымда шамамен бірдей туристер келген. Яғни, жазғы маусымда – 700 мың, қысқы кезеңде 800 мың адам "Шымбұлаққа" барған. Туристер санының жылдық өсімі 24%-ды құрады.

Алматыда орналасқан "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты ел тұрғындары арасында да, шетелдік меймандар арасында да кеңінен танымал бола бастады.

Мұнда көбінесе Ресей, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея және Таяу Шығыс елдерінен туристер келеді.

Бұған дейін Алматыда 2 мыңнан астам мопед тіркелгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: