"20 мың теңгенің жыры": Жамбылда жаңа туған шақалақ шетінеп, анасы ауыр хәлде жатыр

Фото: primeminister.kz
Жамбыл облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған шақалақ шетінеді. Ал анасы қазір ауыр халде, жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелдің жақындары "дәрігерлерге ақша бермегендіктен осындай жағдайға душар болдық" дейді. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

"Astana TV" телеарнасының ақпаратынша, аяғы ауыр келіншектен акушерлар кесір тілігін жасау үшін 20 мың теңге сұраған көрінеді. Туыстарының айтуынша, ақша бермеген соң, анаға да, балаға да қарамаған деп отыр.

"Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны Гүлім Оразбаева жүктілігінің 41 аптасында облыстық перинаталдық орталығына келген. Оны аудандық аурухана толық тексеріп, құрсақтағы баланың дені сау екенін айтып, бұл жерге кесір тілігін жасатуға жіберген. Ал мұндағылар әйелдің медициналық картасын да ашып қарамай, жеті күн жатқызып қойды дейді туыстары. Өмірге келген шақалақ бір сағаттан соң шетінеген, ал анасы қазір өлім аузында жатыр. Жолдасы дәрігерлер онан ақша сұрағанын айтады, соны бермегендіктен осындай болды дейді",- деп жазды телеарна.

Белгілі болғандай, шетінеп кеткен шақалақ 4 келі 400 грамм боп туған. Жақындары сәби өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Ол аздай дер кезінде кесір тілігін жасамай қан кетіп, салдарынан 35 жастағы ананың жатырын түгел алып тастауға тура келіпті. Жақындары адам өміріне немқұрайлы қараған дәрігерлер жауапқа тартылсын деп талап етіп отыр.

Өз кезегінде, Денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

Ай -күні жетіп тұрған әйелді босандыру үшін ақша талап еткен дәрігерлердің әрекеті әшкереленсе, акушерлік лицензиясынан айырылып, тіпті қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Бұған дейін Қарағандыда бес жолаушының өліміне себепкер болған жүргізуші 5 жылға сотталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Тоқаев суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алатын азаматтарға қатысты заңға қол қойды

Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстыққа байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Алматы мен Шымкентте аптап ыстыққа байланысты көшелерге су себіліп жатыр

Білім гранттарын тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізілді