Қарағандыда бес жолаушының өліміне себепкер болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Дорожно-транспортное происшествие, авария, ДТП, разбитая машина, разбитый автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2025 09:16 Фото: Zakon.kz
Қарағандыда 5 адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысы бар жүргізушіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арна" дерегіне сүйенсек, қайғылы жағдай 15 қыркүйекке қараған түні Қарқаралы – Қарағанды тасжолында болған еді.

"33 жастағы айыпталушы жолай бір отбасының 5 мүшесін мінгізіп алады. Сөйтіп жүк көлігін басып озбақ болады. Бірақ қарсы бағытта келе жатқан көлікке соқтығысады. Салдарынан Ford көлігіндегі үш жолаушы және қарсы бағытта келе жатқан көліктегі екі адам оқиға орнында қаза тапты. Екі бала ауыр жарақат алды",- делінген телеарна ақпаратында.

Белгілі болғандай, ірі апат өрге шығар кезде, басып озуға тыйым салынған жерде болған.

"Осы іске қатысты бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Айыпталушының әрекетінде жеңілдететін мән-жайлар болғандықтан, сот ең жоғарғы мерзімнің жартысынан артық жаза тағайындай алмайды",- деді судья Бекзат Шалғымбаев.

Бұған дейін есту қабілеті нашар таксистті алдап соққан жігіттің әрекеті желі қолданушыларының ашуын туғызғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: