Алматыда РФММ оқушыларының жаппай ауруханаға түсуіне қатысты Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, сдача крови, переливание крови, анализ, анализы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2026 11:51 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) Алматыдағы филиалында ішек инфекциясы тіркелгеннен кейін шұғыл шаралар қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 14 қазанда ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары арасында ішек инфекциясының 48 жағдайы тіркелгеннен кейін санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін ұйымдастырды. Ас блогы тексеріліп, санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталды. Бес қаулы шығарылып, шектеу шаралары енгізілді және дезинфекция жүргізілді. Науқастармен байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды".

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, мамандар "Master Food" ЖШС-нің ас блогын тексерген. Тексеру барысында азық-түлікті сақтау, дайын тағамдардан тәуліктік сынама алу және тамақтандыруды ұйымдастыру талаптарының бұзылғаны анықталды.

"Инфекция көзін анықтау үшін су мен азық-түліктен сынамалар, беттерден шайындылар алынып, ас блогының қызметкерлері тексерілді. Зертханалық зерттеулер жалғасып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша бес қаулы шығарылды. Олар мектеп пен асхананың қызметін тоқтата тұруды, жекелеген тағамдарды сатуға тыйым салуды, уақытша санитариялық шаралар енгізуді және қажетті ілеспе құжаттары жоқ сүт өнімдерін алып қоюды көздейді", – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Интернат ғимаратында дезинфекция жүргізілгені атап өтілді. Науқастармен байланыста болған адамдар медициналық бақылауда. Балалардың бір бөлігі алдын алу мақсатында интернатта оқшауланған.

"14 қазандағы жағдай бойынша аурудың 48 жағдайы тіркелді. Науқастардың барлығы ауруханаға жатқызылды, жағдайлары тұрақты. Реанимациялық көмекті қажет ететін пациенттер жоқ. Тексеру қорытындысы бойынша материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен қарау және процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды", – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқушылардың жаппай ауруханаға жатқызылуына байланысты ведомство маңызды үндеу жасады.

"Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпкерлерге тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде санитариялық талаптарды міндетті түрде сақтау қажеттігін еске салады. Атап айтқанда, өнімдерді тексерілген жеткізушілерден сатып алу, азық-түлікті сақтау және тағам дайындау шарттарын сақтау, рұқсат құжаттарының болуы және қызметкерлердің медициналық тексерулерден уақтылы өтуі қажет", – делінген министрліктің хабарламасында.

Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында екені атап өтілді. Эпидемиологиялық тергеп-тексеру, сондай-ақ балалардың денсаулығын қорғау, аурудың себептерін анықтау және инфекцияның жаңа жағдайларының алдын алу үшін қажетті іс-шаралар жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: