Жамбыл облысында жоғалып кеткен көліктегі үш жігіт аман-есен табылды

Сурет: Zakon.kz
Меркі ауданы, Татты ауылынан 30 шақырым қашықтықта ТЖМ қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп ауқымды іздестіру операциясын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешке үш жас жігіт автокөлікпен шығып, құмды жерде адасып кеткен.

"Іздеуге кинологиялық есептер мен ТЖМ ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды. Іздестіру тобы үш адамды тауып алды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ", делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ еске салады: кісі аяғы жету қиын немесе таныс емес аудандарға барғанда әрдайым жақындарыңызға маршрутты хабарлаңыз, су қоры мен зарядталған телефондарды алыңыз, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында жол жүруден бас тартыңыз.

Бұған дейін қарағандылық әйел үш баласына алаңдап, құтқарушылар көмегіне жүгінгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін