"Кеудеден ұрма!": Қазақстанның Бас прокуратурасы маңызды ескерту жасады

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, перепалка, схватка, разборка, разборки, рукоприкладство, побои, конфликт, бой, борьба, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2026 16:28 Фото: pexels
Жасөспірімдер кейде бірін-бірі кеудеден жұдырықпен ұруды әзіл, өзара есеп айырысу, "жазалау" немесе күш көрсету тәсілі деп қабылдайды. Алайда бір соққының өзі орны толмас зардапқа әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 2026 жылғы 12 қазанда, Қазақстанның Бас прокуратурасы жасөспірімдерге осындай ескерту жасады.

"Көзге көрінетін жарақат болмаса да, кеудеге тиген қатты соққы сирек жағдайда жүрек ырғағының қауіпті бұзылуына және жүректің кенеттен тоқтауына әкелуі мүмкін. Медицинада бұл құбылыс commotio cordis, яғни жүректің шайқалуы деп аталады. Сондықтан кеудеден ұруды әзіл ретінде де, "жазалау" үшін де, төзімділікті тексеру мақсатында да қауіпсіз әрекет деп санауға болмайды", – деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Мамандар алғашқы көмек көрсету ережелерін білу қажет екенін де атап өтті. Егер соққыдан кейін адам есінен танып, қалыпты тыныс алмаса, дереу жедел жәрдем шақырып, жүрек-өкпе реанимациясын бастау және қолжетімді болса, дефибрилляторды қолдану қажет.

"Кеудеден ұрма! Бір соққының өзі жүректі тоқтатуы мүмкін", – деп ескертті Бас прокуратура.

Бұған дейін, 2026 жылғы 7 қазанда, Жамбыл облысында жасөспірімнің қаза тапқаны туралы жазған едік. Оқушы кеудесіне тиген соққыдан кейін көз жұмған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: