Алматы әуежайы жолаушыларға маңызды ескерту жасады
Сурет: pexels
2026 жылғы 3 ақпанда Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға бір өтініштен туындауы мүмкін қауіп туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әңгіме бейтаныс адамдардың сәлемдеме, пакет, конверт және басқа да заттарды алып кетуді сұрауы туралы болып отыр.
"Әуежайда ойланбастан айтылған келісім бостандығыңыздан айыруы мүмкін.Сақ болыңыздар — өзгенің өтініші басыңызға бәле әкелуі мүмкін, – деп ескертті әуежайдың қауіпсіздік қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада жаңа әуежай салу керегін айтқан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript