Астана әуежайы жолаушыларға маңызды ескерту жасады
Сурет: Instagram/nqz_airport
Бүгін, 2026 жылғы 6 қаңтарда Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға шұғыл ескерту таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұның себебі – рейстердің кешігуі.
"Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Барлық қызметтер әуе кемелерін қабылдау мен жөнелтуді қамтамасыз етуде, перронды тазалау және аэродромдық инфрақұрылымды күтіп ұстау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.Ұшып келуге жоспарланған 7 рейс кешіктірілуде, Түркістан қаласынан келетін 1 рейс тоқтатылды. Келу рейстеріндегі кешігулер мен тоқтатулардың себептері ұшатын әуежайлар мен авиакомпаниялар тарапынан анықталады.Ұшуға 5 рейс кешіктірілуде",- делінген ақпаратта.
Кешігудің себептері:
- Шымкент және Қостанай бағыттары – тағайындалған әуежайлардағы қолайсыз ауа райы;
- Қызылорда, Алматы және Камрань бағыттарындағы рейстер – әуе кемесінің кеш келуіне байланысты.
Белгілі болғандай, Астана халықаралық әуежайы тарапынан шектеулер жоқ - аэродром мен терминалдар тұрақты режимде жұмыс істеуде.
"Жолаушылардан рейстердің статусы туралы өзекті ақпаратты авиакомпания өкілдерінен нақтылауды сұраймыз",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін SIM-карталарды сату ережелеріндегі өзгерістер туралы жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript