Ақтөбеде ірі қара мал терең жертөлеге құлап, құтқарушылардың көмегімен шығарылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылғы 30 қарашада түнде Ақтөбеде, Алматы ауданының Құрайлы ауылында Ақтөбе облысының жедел-құтқару жасағының бөлімшелері ерекше құтқару операциясын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, 112 нөміріне жергілікті тұрғынның шаруашылық құрылысының ішінде шамамен екі метр тереңдіктегі жертөлеcіне сиыры құлап, өз бетімен шыға алмай жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері дереу жеткен.

"Жағдайды бағалап, олар жертөлеге қауіпсіз түсу жолын ұйымдастырып, арнайы жабдықтың көмегімен жануарды абайлап жоғарыға көтеріп шығарды. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында сиыр жарақат алмады және иесіне табысталды",- делінген ақпаратта.

ТЖМ тұрғындарға малды күтуде қауіпсіздік шараларын сақтауды және осындай оқиғалардың алдын алу үшін шаруашылық құрылыстарының жағдайын қадағалауды еске салады.

Бұған дейін Павлодар облысында үш апта бұрын жоғалған ер адам әлі іздестірілуде екенін жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді