Алматы - Өскемен тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам көз жұмды

Фото: Zakon.kz
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам мерт болды. Оқиға Алматы - Өскемен тас жолының 462 шақырымында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Astana TV телеарнасының ақпаратынша, Киа автокөлігін тізгіндеген жүргізуші ауа райының қолайсыздығынан абайсызда қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан Тойота көлігіне соғылып, төрт адам жан тапсырды. Тағы төрт адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Алматы облысында да осыған ұқсас жол апаты болғанын жазғанбыз. Онда Audi A6 көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, қарсы жолаққа шығып кеткен, артынша Nissan Cefiro көлігімен соқтығысқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды