Қарсы жолаққа шығып кеткен: Алматы маңында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам көз жұмды

Сбитый пешеход, сбитый человек, наезд на пешехода, наезд на человека, смертельное ДТП, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2025 13:46 Фото: Zakon.kz
Алматы облысындағы тасжолда Audi мен Nissan көліктері соқтығысып, салдарынан төрт адам қайтыс болды. Белгілі болғандай, тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат 2025 жылдың 5 желтоқсанында Алматы – Көкпек – Көктал – Шонжы автожолының 80-ші километрінде орын алған.

Алғашқы мәліметтерге қарағанда, Audi A6 көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, қарсы жолаққа шығып кеткен, сонда Nissan Cefiro көлігімен соқтығысқан.

"Апат нәтижесінде екі жүргізуші мен екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары апаттың барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Алматыда ұрланған сейфті алып қашпақ болған күдікті қолға түскенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: