Қанға боялған пәтер және кісі өлтіру туралы қауесеттер: Алматыдағы пәтерде шын мәнінде не болған

Фото: Zakon.kz
Қазнетте тараған кадрлардан қанға боялған пәтер, аударылған жиһаз және шашылған заттарды көруге болады. Алматы қаласы Полиция департаментінің (ДП) баспасөз қызметі болған оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көптеген пікірлерде не болғанына қатысты болжамдар айтылуда. Көпшілігі бұл кісі өлтіру оқиғасы деп ойлаған.

Алайда тәртіп сақшылары ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

"Оқиға Алматы қаласының Бостандық ауданындағы бір пәтерде болғаны анықталды", – деді полиция Zakon.kz тілшісінің сұрағына.

Сондай-ақ, оқиғаның басқа егжей-тегжейлері де айтылды. Пәтерді жалға алғандар, әпкесі мен сіңлісі екен. Олар ішімдік ішкен.

"Ішімдік ішіп отырған кезде сіңлісі бөтелкені қолынан құлатып, сындырып алады. Содан кейін абайсыз әрекет ету салдарынан олардың бірі аяғын кесіп алады. Оқиға орнындағы көп мөлшердегі қан дәл осы жарақатпен байланысты",– деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

"Бұл ақпарат профилактикалық бақылауға алынды", – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Қорытындысында Алматы полициясы азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратуға жол бермеуге және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда студенттің оқытушыны өлтіруге әрекет жасағаны туралы күдікке ілінгені хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды