Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз жүрегі тоқтап, қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Шымкенттегі ҚР Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жатқан.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлағандай, қаза тапқан сарбаз Тараз әскери комиссариатынан әскерге алынған.

"Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінен (Тараз қ.) шақырылған әскери қызметші мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде медициналық көмекке жүгініп, дәрігерлер бақылауында болған және Шымкент қаласының емдеу мекемелерінде тексеруден өткен. 2026 жылдың 6 қаңтарында мерзімді әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтап қалды. Жасалған реанимациялық шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханалардың бірінде қайтыс болды", делінген хабарламада.

Алдын ала диагнозы – "жедел лейкоз".

Аталған факті бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Жағдай ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшысының жеке бақылауына алынды.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қолбасшылығы мен жеке құрамы орны толмас шығынға байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", – деп жазды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде 7 ай борын өтеген сарбаз жындыханаға қалай түскенін айтып берген болатын.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз