Атырау облысында ерлі-зайыптылардың жоғалуы мен кісі өлімі: күдіктіге қатысты іздеу хабарламасы жарияланды

Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында Атырау облысында ерлі-зайыпты жұпты өлтірді деген күдікке ілінген, отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іздеу хабарламасы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәліметтерге сәйкес, 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев 2026 жылғы 8 қаңтарда іздеуге жарияланған. Іздестіру ісін Атырау облыстық полиция департаменті жүргізіп жатыр.

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Сәрсемәлиев аталған отбасының күйеу баласы болып келеді.

Сурет: qamqor.gov.kz/criminals

Еске салайық, төрт адамнан тұратын отбасы 2025 жылдың күзінде хабар-ошарсыз кеткен. Туыстары олардың жоғалғаны жөнінде полицияға тек желтоқсан айында ғана арызданған. 2026 жылғы 6 қаңтарда жоғалып кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды. Ал олардың балаларына қатысты іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл іске өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын нақтылады.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және жалған немесе тексерілмеген мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін