Жиһаз жасатуға тапсырыс берген ақтөбелік алаяқтың құрбаны болды

Фото: unsplash
Полиция қызметкерлері 28 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынының арызы бойынша жиһаз дайындаумен айналысқан, алаяқтық жасады деген күдікке ілінген азаматты анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Жәбірленушінің айтуынша, ол әлеуметтік желілер арқылы жиһаз дайындау жөніндегі хабарландыруды көріп, тапсырыс берген.

Күдікті алдын ала төлем жасауды сұраған, соған келіскен әйел ас үй жиһазы үшін 2 млн 300 мың теңге көлемінде ақша аударған.

Алайда ақшаны алған соң ер адам байланысқа шықпай кеткен. Жүргізілген тергеу іс-шаралары барысында ұсталған күдіктінің басқа да кемінде үш азаматты дәл осындай жолмен алдағаны анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Полиция ескертеді: интернет арқылы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру кезінде сатушылар туралы мәліметтерді мұқият тексеріп, бейтаныс тұлғаларға алдын ала төлем жасамау және тек тексерілген ұйымдармен келісімшарт жасасу қажет.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін