Жол апатынан апалы-сіңілі қаза тапты: Орал қаласында дау тудырған ЖКО бойынша сот басталды

Сурет: Zakon.kz/Карина Адильбекова
Орал қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2025 жылғы 23 қыркүйекте Маншүк Мәметова көшесінде екі адамның өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы бойынша резонансты істі қарау басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған күні Chevrolet Cobalt пен Toyota Mark X автокөліктері соқтығысқан. Апат салдарынан Chevrolet көлігінің 41 және 32 жастағы жолаушылары қаза тапты. Кейіннен олардың апалы-сіңлілі екені анықталды.

Айыпталушылар орындығында 50 жастағы Chevrolet жүргізушісі отыр. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі – "Жол қозғалысы ережелерін бұзу абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бабы бойынша айып тағылып отыр.

Айыптау материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға күні айыпталушы Маншүк Мәметова көшесімен келе жатып, Кердері көшесіне қарай солға бұрылған кезде Toyota Mark X көлігіне жол бермеген.

"Chevrolet жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзған. Соқтығыс салдарынан жолаушы Маржангүл Нұрғалиева жол апаты болған күні жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ал екінші жолаушы Ақгүлім Нұрғалиева жеті күннен кейін, есін жимастан қайтыс болды", – деп мәлімдеді мемлекеттік айыптаушы Айбек Қонар.

Сот-медициналық сараптама Маржангүл Нұрғалиеваның өліміне ішкі ағзалардың көп жарақаттануы, сүйек сынықтары және миға қан құйылуы себеп болғанын анықтады. Оның әпкесі де ауыр жарақат алған: миға қан құйылу және ашық бас-ми жарақаты тіркелген.

Марқұмдардың туыстарының айтуынша, әйелдер көлікте такси жолаушысы ретінде отырған. Ақгүлім Нұрғалиеваның артында 15 жастағы ұлы мен екі жасар қызы қалды. Ал сіңлісі Маржангүл 2025 жылғы 25 қыркүйекте ұзатылуы тиіс екен.

Сондай-ақ айыпталушы істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш білдіргені айтылды. Судья Асланбек Дүйсенғалиев бұл өтінішті қанағаттандырды.

Орал
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Негізгі заңға жасалатын өзгерістер жаңа Конституция қабылдауды қажет етеді

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрт кезінде жоғалып кетті

Қазақстанның 12 қаласында ауа ластанады

Алматы тұрғыны жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

Жаңаөзенде ер адам өзінің әйелін өлтірді деген күдікке ілінді - марқұмның артында жеті баласы қалды