ШҚО-да есірткі өндірісінің ауқымды арнасы әшкереленді

Сурет: ҚР ІІМ
ШҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасының қолдауымен синтетикалық есірткі өндіруге жасырын мамандандырылған ірі есірткі зертханасының қызметін тоқтатты.

Жедел іздестіру шаралары барысында қылмыстық бизнесті Шығыс Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны ұйымдастырғаны анықталды.

Заңсыз өндіріс Талдықорған қаласының шетіндегі жалға алынған жеке үйлердің бірінде құрылған. Химиялық реагенттерді сақтау және есірткі заттарын дайындау үшін қосымша тұрғын үй пайдаланылған.

Бұл – Шығыс Қазақстан облысының аумағына синтетикалық есірткіні жеткізу мен өткізуге бағытталған қылмыстық арнаның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген.

Санкцияланған жедел тінту жұмыстары аясында полицейлер кәсіби зертханалық жабдықтарды, сондай-ақ дайын және жартылай фабрикатты есірткі заттарын тапты.

Түрлі көлемдегі шыны және пластик ыдыстар, канистрлер, zip-пакеттер, вакуумдық қаптамалар, сонымен қатар өзіне тән иісі бар ұнтақ тәріздес және сұйық заттар тәркіленді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, заңсыз айналымнан 8 келіден астам синтетикалық есірткі алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың бір бөлігі жалпы салмағы 2 келіден асатын мефедрон екені белгілі болды.

Сонымен қатар прекурсорлар, жалпы көлемі шамамен 800 литр болатын сұйықтығы бар 33 канистр табылды.

Сондай-ақ, құрамында желе тәрізді кристалды заты бар 15 табақ, өзіне тән иісі бар 30 литрлік екі бөтелке сұйықтық және ұнтақ тәріздес заты бар полимерлі пакет тәркіленіп, сот сараптамасына жіберілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж