3 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға түсті: Ақтөбе облысында бір күнде екі жол апаты болды

Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысында қою тұман мен боран салдарынан жаппай жол апаты орын алып, бірнеше адам көз жұмып, тағы бірнешеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Ақтөбе–Орск автожолында Opel маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

Өкінішке орай, жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде, болған жағдайдың барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Сонымен қатар, Ақтөбе-Астрахань автожолының Тамды ауылының маңында 10 көлік құралының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқиға орнында түсірілген қорқынышты кадрлар желіде тарады.

Бұл ретте, полиция маңызды мәлімдеме жасады.

"Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдық пен арақашықтықты таңдауға, әсіресе күрделі ауа райы жағдайларында мұқият болуға шақырады".

Бұған дейін бір апта ішінде төтеншеліктер қар құрсауында қалып кеткен 100-ге жуық адамды эвакуациялағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мөлдір Әуелбекова жеті жастағы ұлының арманын орындады

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды