Астанада жылы аялдамалардағы камералар жедел басқару орталығына қосылды

Фото: Zakon.kz
Астана қаласында қалалық мүлікті бүлдіруге қарсы шаралар күшейтілді.

еп хабарлайды Polisia.kz. "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру және цифрландыру құралдарын белсенді енгізу аясында елордада жылы аялдамаларды бүлдіру фактілерінің алдын алу бойынша шаралар күшейтілді.

Соңғы уақытта Астанада аялдама павильондарын әдейі бүлдіру деректері жиілеген. Әйнектерді сындырып, есіктерді және өзге де қалалық мүлікті зақымдауда. Осыған байланысты қала әкімдігі мен елордалық полиция бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту және нақты уақыт режиміндегі бақылауды күшейту бойынша бірқатар шара қабылдауда.

Жылы аялдамаларда орнатылған бейнекамералар кезең-кезеңімен Астана қаласы полиция департаменті жедел басқару орталығына қосылуда. Бұл жаңашылдық полиция қызметкерлеріне онлайн-мониторинг жүргізіп, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жүйеге негізінен Сарайшық және Алматы аудандарында орналасқан 20 аялдама павильоны қосылған.

Барлық жылы аялдамалардан бейнеағындарды біріктіру жұмыстары ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Жобаны іске асыру қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, қалалық мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге және вандализм үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Полиция еске салады: қалалық инфрақұрылым – бұл тек әйнек пен металлдан жасалған құрылымдар ғана емес, тұрғындардың жайлылығы, қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін жасалған ортақ кеңістік. Мұндай әрекеттер қаланың келбетіне ғана емес, барлық қала тұрғындарына зиян келтіреді. Қалаға ұқыпты қарау – айналадағы адамдарға және өзіңе деген құрметтің белгісі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды