Гвардейск гарнизонынан шыққан шу: төрт басшы қызметінен кетті

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет сарбазына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 18 ақпанда ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство мәліметінше, әскери бөлімде бұдан басқа лауазымды адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, қызметтік тексеру жүргізілді.

Нақты айтқанда кадрлық шешім қабылданып, басшылық құрамындағы төрт лауазымды тұлға – әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі қызметтерінен босатылды.

"Әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығына, батальон командирінің орынбасарына және оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қызметтік әрекетке сәйкес емес деп ескерту жарияланды. Бірқатар офицерлер мен сержанттарға қатаң тәртіптік жазалар қолданылды", делінген хабарламада.

Қабылданған шаралар атқарып отырған лауазымына қарамастан, дербес және бұлтартпас жауапкершілік қағидатын көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес барлық мән-жайға түпкілікті қорытынды мен құқықтық баға тергеу нәтижелері бойынша беріледі.

Бұған дейін 2026 жылғы 16 ақпанда әлеуметтік желіде Отардағы мерзімді әскери қызметшінің ауыр жарақат алғаны туралы ақпарат пайда болды. Оның жақ сүйегі мен мұрны сынған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін