Жол жөндеу қаржысын ұрлаған күдіктілерге қатысты тергеу аяқталды – ҚМА

Фото: pexels
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге бөлінген бюджеттік қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚМА баспасөз қызметі 2026 жылғы 25 ақпанда тиісті ақпаратты таратты.

"2023 жылғы наурызда мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша "Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ мен "Сапак" өндірістік кооперативі арасында Жымпиты ауылындағы жолдарды жөндеуге 259 млн теңге сомасына шарт жасалған."ҚМА баспасөз қызметі

Алайда "Сапак" ӨК директоры "Ак-Би" ЖШС-нің директоры сөз байласып, сеніп тапсырылған қаражатты иемдену схемасын ұйымдастырған.

Күдіктілер орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтерді жүйелі түрде енгізіп отырған. Құжаттарда асфальт төсеу, жер қазу, бетондау, су құбырларын жүргізу және басқа да жол жұмыстары толық көлемде көрсетілгенімен, іс жүзінде олар орындалмаған немесе әлдеқайда аз көлемде атқарылған.

Жалған актілер негізінде тапсырыс беруші бюджет қаражатын "Сапак" ӨК-нің есепшотына аударып отырған. Кейін қаражат схемаға қатысушылар арасында бөлінген.

Мемлекетке келтірілген материалдық залал 56,5 млн теңгені құрады. Сот санкциясымен күдіктілердің бірінің пәтеріне тыйым салынды. Оларға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұдан бөлек, бұған дейін сот үкімімен "Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі