Қазақстанның 4 мыңнан астам азаматы БАӘ мен Қатарда: оларға қалай көмек көрсетілуде

Фото: primeminister.kz
2026 жылғы 2 наурызда "Туристік Қамқор" қорының төрайымы Инна Рей БАӘ мен Қатардағы қазақстандық туристердің жағдайы туралы брифингте айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның мәліметінше, қазіргі уақытта БАӘ-де 3 мыңнан астам қазақстандық турист бар. Ал Қатарда олардың саны 1 мыңнан асады. Сонымен қатар, қазақстандық туристер Мекке мен Мединада да орналасқан.

"Парсы шығанағы аймағы демалысқа өте тартымды. Көптеген адамдар балаларымен бірге уақыт өткізуді жоспарлаған. Дегенмен, туындаған жағдайды ешкім кұтпеді. Тараптар арасындағы шиеленіс күшейіп, оқ атыстар көбейді. Әуе кеңістігі барлық мемлекеттерге жабылды. Барлық елдер біз үшін маңызды, бірақ ең бастысы – БАӘ, өйткені туристердің басым бөлігі сол жерде. Сонымен қатар, Қатар да маңызды", – деп түсіндірді Инна Рей.

Оның айтуынша, қор құрамындағы туроператорлар қазір өз туристерін өз қаражатына орналастырып отыр. Бұл тек жатын орынды ғана емес, тамақтануды да қамтиды.

"Оларға қонақүйлерде тұру қамтамасыз етілді, жағдайы тұрақты, олар толық бақылауда. Туристеріміз толық жүйенің кепілдігімен және туроператорлардың қолдауымен орналасқан. Мекке мен Мединада шамамен 200 адам бар", – деді төрайым.

Инна Рей сонымен қатар репатриациялық рейстер туралы әлі айтуға ерте екенін атап өтті. Қазіргі таңда қазақстандық әуе компаниялары дайын болса да, әуе кеңістігі жабық болғандықтан ұшу қауіпті.

"Біздің әуе компаниялары міндеттерін орындауға дайын, бірақ ұшу өте қауіпті. Қазіргі уақытта туристерден шағым немесе наразылық түскен жоқ", – деп қорытындылады ол.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 28 ақпанда Иранда жарылыстар болды. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац соққылар Израильге қауіптерді жоюға бағытталғанын хабарлады.

Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп американдық әскери күштердің режимді құлатуға бағытталған ірі операция бастағанын мәлімдеді.

Осы оқиғаларға байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нурдәулетовке Иран айналасындағы жағдай мен елімізге қауіп төнуі мүмкін сценарийлерді ескере отырып, шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесіне Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді бұйырды.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қазақстандық авиакомпанияларға Таяу Шығыс аймағына ұшуына шектеу енгізді. Ұлттық тасымалдаушы Air Astana барлық рейстердің тоқтатылғанын ресми түрде растады. Алдын ала шектеу 2026 жылғы 3 наурызға дейін күшінде болады.

Қазақстан
БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды