Щучинскідегі дәмхананың жарылысынан көз жұмған 11-ші адам — даяшы жерленді

Фото: Zakon.kz
11 наурызда Ақмола облысында дәмханада болған жарылыстан қайтыс болған 11-ші адамның денесі жер қойнына тапсырылды. 22 жастағы қыз Щучинск қаласындағы “Центр плова” кафесінде даяшы болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, отбасында жалғыз қыз болған Оксана тоғызыншы наурызда Көкшетау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды. Денесінің 80 пайыздан астамын күйік шалған. Туыстарының айтуынша, қайтыс болардан бір күн бұрын жағдайы тұрақты болыпты. Ал көңіл айтуға келген әріптестері дәмханада қауіпсіздік ережелері сақталған сияқты еді дейді. Газ баллондары кафенің артындағы бөлек бөлмеде тұрыпты.

Айта кетейік, бүкіл Щучинск орталықтандырылған көгілдір отынға қосылмаған. Мұнда барлығы газ баллонын қолданады. Ал марқұмның жақындарының айтуынша, салғырттық осындай қайғылы жағдайға әкелді.

Еске салсақ, 26 ақпанда Щучинск қаласында бір қабатты дәмханада газ-ауа қоспасының жиналуынан жарылыс болып, арты өртке ұласты. Салдарынан 24 адам зардап шегіп, 11 адам қаза тапты. Зардап шеккендердің төртеуі Бурабай аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды, алтауы Көкшетау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Барлығының жағдайы ауыр деп бағаланады. Жарылыс кезінде қаза тапқандардың алты отбасына өтемақы ретінде 4 миллион теңге берілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі