Щучинскідегі дәмханада орын алған жойқын жарылыс пен өрттің бейнежазбасы жария болды
Фото: Zakon.kz
Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірінде болған жойқын жарылыс пен өрттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті shchuchinsk.city парақшасының мәліметінше, жарылыс сәті қарсы орналасқан дәмханада орнатылған бейнебақылау құрылғысына түсіп қалған.
Оқиға бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты дәмханада болған.
Жарияланған бейнежазбадан ғимараттың қатты жарылыстан қирап, жалынға оранғаны көрінеді. Сондай-ақ маңында тұрған жеңіл көлікке де зақым келген.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Алдын ала деректер бойынша, жеті адам қаза тапқан. Олардың арасында 16 жастағы қыз бар. Тағы 26 адам зардап шеккен. Оның 13-і Бурабай аудандық ауруханасына жеткізілсе, алтауы тексерістен кейін амбулаториялық бақылауға жіберілген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript