ШҚО-да полицейлер қылмыстық әрекеттің жолын кесті

Сурет: ҚР ІІМ
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Үлкен Нарын ауданында "жай ғана көмек сұрау" ретінде басталған қылмыстың жолын кесті.

Ақпан айының соңында 25 жастағы екі азамат танысының жұмыс орнына келіп, "қаржылай қолдау қажет" деген сылтаумен оны 30 мың теңге беруге көндірген.

Алайда көп ұзамай олардың бірі тағы 170 000 теңге талап етіп, әрекеттерін ашық бопсалауға ұластырған. Осылайша, заңсыз талап етілген қаражаттың жалпы сомасы 200 000 теңгені құрады. Қауіпті сезген жәбірленуші дереу полицияға хабарласқан.

Тәртіп сақшылары күдіктілердің жеке басын анықтап, олардың заңсыз алынған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгергені белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ШҚО полиция департаменті бопсалау әрекеттері көбіне "көмек сұрау" түрінде бүркемеленетінін ескертеді.

Қысымға бой алдырмай, хабарламалар мен қоңырауларды тіркеп, құқық қорғау органдарынан көмек сұраңыз. Азаматтардың сақтығы мен полицияның жедел іс-қимылының арқасында қылмыстарды бастапқы кезеңде тоқтатуға мүмкіндік бар.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда ветеринар мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізу ұсынылды

Бейнеуде қара қоңыз қаптады

Берік Асылов еліміздің Бас прокуроры болып қайта тағайындалды

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады