Павлодар облысында 53 келіден астам есірткі жойылды

Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Павлодар облысында қылмыстық істер аясында тәркіленген есірткі құралдары мен прекурсорлар жойылды. Бұл шаралар соттардың тиісті істер бойынша соңғы шешімдері шыққаннан кейін жүзеге асырылды.

Полиция қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірлесіп, бұрын заттай дәлелдеме ретінде танылған тыйым салынған заттарды толықтай жою жұмыстарын жүргізді. Жою рәсімінің алдында барлық заттай дәлелдемелер міндетті түрде тексеруден өтті.

Олардың қатарында мөрленген қораптар мен конверттердегі есірткі заттары, оларды дайындау мен тұтынуға арналған құралдар, химиялық құрамдар және тыйым салынған заттарды өндіруге арналған прекурсорлар болды.

"Аталған заттардың барлығы жедел-іздестіру іс-шаралары, жеке тінту мен тінту барысында, сондай-ақ есірткі зертханаларын жою кезінде тәркіленген. Барлық деректер бойынша қылмыстық істер сотта қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Жалпы 12 қылмыстық іс аясында өсімдік және синтетикалық текті есірткі құралдарының 51 нысаны жойылды. Олардың барлығы қажетті сараптамалардан өтті. Жою жұмыстары сот шешімдері мен тергеу органдары актілерінің негізінде қатаң түрде жүргізілді", – деді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арсен Айғазин.

Полиция облыс тұрғындарын есірткінің заңсыз айналымы фактілері туралы "102" нөміріне хабарлауға шақырады.

Есірткі притондары, заңсыз сату орындары немесе бұл әрекетке өзге тұлғаларды, әсіресе кәмелетке толмағандарды тартатын адамдар туралы ақпарат адам өмірін сақтап қалуға ықпал етуі мүмкін.

Естеріңізде болсын: есірткіге байланысты қылмыстар үшін заңнамада қатаң жаза көзделген — өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін