Астанада полиция брендтік тауарларды заңсыз сатумен айналысқан күдіктіні ұстады

Фото: pexels
Астанада полиция қызметкерлері танымал брендтердің тауарларын сатумен байланысты бірқатар алаяқтық деректері бойынша күдікке ілінген 33 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті алдын ала ойластырылған схема бойынша әрекет еткен. Ол жалған сенімхаттар жасап, өзін Қазақстан аумағындағы түрлі брендтердің ресми өкілі ретінде таныстырған.

Осы сылтаумен кәсіпкерлерге хабарласып, олардың қызметінен заң бұзушылықтар анықталғанын айтқан. Алдау мен қысым көрсету арқылы ол сатушылардан ақшалай қаражат талап етіп, "мәселені шешіп беруге" және өнімді сату барысында қиындықтарға жол бермеуге уәде берген.

Эпизодтардың бірінде келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгеден асқан. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осындай төрт алаяқтық дерегін тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, тұрғылықты мекенжайы бойынша ұсталып, полицияға жеткізілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция кәсіпкерлерге ескертеді: өзін брендтердің немесе компаниялардың ресми өкілі ретінде таныстыратын тұлғалардың өкілеттілігін міндетті түрде тексеру қажет. Күдік тудыратын талаптар туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгініңіздер.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады