Геологиядағы ауқымды жоспарлар: Қазақстан қай өңірлерде сейсмикалық зерттеу жүргізеді

Фото: akorda.kz
2026 жылғы 3 сәуірде Геологиялық форумда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев сейсмикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің сөзінше, перспективалы қорлар көбіне тереңдікте және геологиялық күрделі аймақтарда шоғырланған, бұл заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдерді қолдануды талап етеді. Сондықтан қазіргі уақытта геологиялық зерттеудің сандық көрсеткішінен сапасына көшуге басымдық беріліп отыр.

"Осы міндеттерді шешу аясында елімізде заманауи әдістерді қолданып, геологиялық зерттеулердің ауқымды бағдарламасын жалғастыру жоспарлануда", – деді Нағаспаев.

Оның айтуынша, келесі үш жылда 1:50 000 масштабтағы карталау бағдарламасы жүзеге асырылады, жалпы алаңы – 100 мың шаршы шақырым. Бұл жұмыстар заманауи әдістерді қамтиды: Жерді қашықтықтан зондтау, аэрогеофизикалық және геохимиялық зерттеулер.

"Сонымен қатар, Шу-Сарысу және Солтүстік Торғай аз зерттелген мұнай-газ перспективалы шөгінді бассейндерінде сейсмикалық зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Алынған нәтижелер кейінгі нақты іздестіру және барлау жұмыстарын негіздейтін болады", – деді министр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы жаңа өндірістік мүмкіндіктер туралы премьер-министр Олжас Бектенов хабарлаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін