Қазақстанда шетелден алимент өндіріп алу тәртібі жеңілдетілді

Фото: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысы "1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген хабарламада.

Хаттаманың негізгі жаңашылдығы – кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру туралы сот бұйрықтарын (сот бұйрығын шығару туралы ұйғарымдарды) ТМД Минск конвенциясына қатысушы мемлекеттердің аумағында тануға және мәжбүрлеп орындауға жататын сот актілерінің тізбесіне енгізу болып табылады:

Хаттама трансшекаралық жағдайларда алимент өндіріп алудың тиімділігін арттыруға және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды