Алматыда полиция мектептердегі қауіпсіздік деңгейін тексеріп жатыр

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарлы тексерістер жүргізіп жатыр. Бұл шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және оқушылардың қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.

Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлері қала мектептерін аралап, өткізу режимінің ұйымдастырылуын, күзет қызметінің сапасын, сондай-ақ дабыл түймелері мен бейнебақылау жүйелерінің жұмысын тексеруде.

Сонымен қатар оқу орындарының аумағына бөгде адамдардың кіруіне ерекше назар аударылып, қауіпсіздікке арналған техникалық құралдардың жай-күйі бақылауға алынады. Сонымен бірге педагогикалық ұжыммен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Полицейлер төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету алгоритмін түсіндіріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Полиция мәліметінше, Алматы қаласында 300-ден астам білім беру ұйымы жұмыс істейді және олардың барлығы тұрақты бақылауда. Жыл сайын мектептерде қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында мыңнан астам тексеріс пен нұсқама өткізіледі.

"Балалардың қауіпсіздігі – басты басымдық. Біз тек формалды көрсеткіштерді емес, мектептердің кез келген төтенше жағдайға нақты дайындығын тексереміз. Әрбір қызметкер өз әрекетінің тәртібін нақты біліп, жеке жауапкершілікті сезінуі тиіс. Тек осындай тәсіл арқылы балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге болады", – деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады