Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Фото: Zakon.kz
Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Ресми ақпаратты 2026 жылдың 12 мамырында Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Осыған байланысты 13 мамыр сағат 08:00-ден 14 мамыр сағат 23:00-ге дейін Саин көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс дерегі көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Еске салайық, қозғалысқа енгізілетін шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" қосымшаларында жарияланады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Ғылым министрлігі латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Соболенко Рыбакина қатысатын турнирге қатыспайды