Жасанды интеллект әсерінен Қазақстанда 400 мыңға дейін жұмыс орны қысқаруы мүмкін

Фото: freepik
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Түяқбаев 2026 жылғы 14 мамырда Сенатта өткен брифингте жасанды интеллекттің еңбек нарығына ықпалы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, жасанды интеллектті кеңінен енгізу процесі енді ғана басталған.

"Еңбек ресурстары орталығы еңбек нарығына болжам жасайды. Олардың деректеріне сәйкес, алдағы 10 жыл ішінде жасанды интеллекттің жаппай енгізілуіне байланысты кейбір жұмыс орындары қысқаруы мүмкін", – деді вице-министр.

Ол бұл өзгерістер көбіне қосалқы персоналға, бухгалтерлерге, заңгерлерге, сондай-ақ адамның тікелей қатысуы міндетті емес салалардағы қызметкерлерге қатысты екенін атап өтті.

"Осы бағыттар бойынша шамамен 300–400 мың жұмыс орны қысқаруы ықтимал. Біз бұл тәуекелді ескеріп отырмыз, сондықтан қайта даярлау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жыл басынан бері 186 мың адамды жаңа мамандықтарға оқыттық. Бұл жұмыс барлық өңірлерде қатар жүзеге асырылып жатыр", – деді Ербол Түяқбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Еңбек министрлігі Қазақстандағы орташа жалақының төмендеуіне қатысты да түсініктеме берген болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Автокөлік жеткілікті – Қазақстан автобизнес қауымдастығы автонесие туралы