Алматы полициясы Сәуле Базарханның клиникадағы қазасына қатысты пікір білдірді

Сурет: Instagram/saule_bazarkhan
2026 жылғы 21 мамырда Алматы полициясы танымал қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базарханның қазасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараған ақпаратқа сәйкес, 53 жастағы әйел 15 мамыр күні Алматыдағы жекеменшік клиникалардың бірінде көз жұмған.

"Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді", – делінген полиция таратқан мәліметте.

Еске салайық, 20 мамыр күні марқұмның қызы оқиғаның кейбір мән-жайын айтып, аталған клиниканың әлі де қызмет көрсетіп жатқанын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ Сәуле Базархан әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбековамен жақын араласқан. Гүлзира Айдарбекова бұл қайғылы жағдайдың өзін қатты есеңгіреткенін айтты.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде "Қазақстан Халық Кеңесі" туралы Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Амнистия аясында бірнеше миллиард теңгенің айыппұлы кешірілуі мүмкін

Құрбан айт: Астанада құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді

Тал түсте көшеде әйелді аяусыз пышақтап өлтірген қазақстандық сот үкімімен түрмеден құтылды

Алматы облысында полицей қызыл жалын арасынан 90 жастағы әжейді аман алып шықты