Қарағандыда патрульдік полицейлердің жылдам әрекеті сәбиді құтқарып қалды

Фото: unsplash
Қарағандыда патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрі батыл әрекеті үш жасар сәбидің өмірін сақтап қалды.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде қала тұрғындарының алғысқа толы жазбасы кеңінен таралып жатыр.

Оқиға кезінде алты қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кеткен үш жасар балаға көмекке алғашқылардың бірі болып патрульдік полиция қызметкерлері Ілияс Атбеков пен Магомед Якубов жеткен. Сол сәтте әрбір секунд қымбат еді.

Тәртіп сақшылары жағдайды дереу бағамдап, зардап шеккен сәбиді абайлап қызметтік көлікке орналастырған. Арнайы дабыл шамдарын қосып, баланы ауруханаға шұғыл жеткізген полицейлердің жедел әрекетінің арқасында дәрігерлер дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетіп, сәбидің өмірін аман алып қалды. Оқиға куәгерлері мен ата-анасы қатты абыржып қалғандықтан, полицейлердің есімдерін сұрап үлгермеген.

Ал кішкентай науқасты дәрігерлерге тапсырғаннан кейін полиция экипажы қайтадан патрульдік қызметіне кіріскен. Кейін тәртіп сақшыларын тұрғындар полиция көлігінің борт нөмірін есте сақтап қалған қырағы көршілердің көмегімен тапқан.

"Үйіміздің барлық тұрғындарының атынан оларға шексіз алғысымызды білдіреміз. Осындай жанашыр әрі батыл азаматтардың бар екеніне ризамыз, — деп жазды қала тұрғындары.

Полиция ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Әсіресе жаз мезгілінде терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатып, жиһаздарды терезе маңына қоймау қажет. Баланың қауіпсіздігі — әрбір ата-ананың басты жауапкершілігі.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Ғылым Қазақстанның энергетикасын қалай өзгертеді - сарапшымен сұхбат

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

US Open-2026: Рыбакина алғашқы айналымда 17 жасар америкалықпен өзара күш сынасады

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді