Қазақстандық 70-тен астам азаматты 32 млн теңгеге сан соқтырып кеткен

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ақтөбе қаласы полиция басқармасы туристік агенттік басшысына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 37 жастағы туристік агенттік жетекшісі туристік сапарлар ұйымдастыру және жолдамалар сату сылтауымен азаматтардан ақша қаражатын қабылдаған. Алайда ол өзіне алған міндеттемелерін орындамай, салдарынан клиенттер ақысын төлеген туристік жолдамаларынан да, қаражаттарынан да айырылған.

"Қазіргі уақытта полицияға 70-тен астам азаматтан арыз түскен. Алдын ала есеп бойынша келтірілген материалдық шығын көлемі 32 млн теңгеден асады. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы мен жәбірленушілердің нақты саны анықталуда. Іс аясында қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр",- делінген ақпаратта.

Полиция аталған туристік агенттіктің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Ақтөбе қаласы полиция басқармасының №1 полиция бөліміне (Ақтөбе қаласы, 11-ықшамаудан, 51 "А" мекенжайы) немесе тұрғылықты жері бойынша жақын орналасқан полиция бөлімшесіне жүгінуге шақырады.

Бұған дейін Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады