Ақордада Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 12 маусымда Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марлен Маматалиевке ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға алғашқы ресми сапары екіжақты қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

"Елімізге арнайы келгеніңізге қуаныштымыз. Сапарыңыз өте маңызды. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деп сенемін. Елдеріміз арасында ешқандай түйткіл немесе түсініспеушілік жоқ. "Қазақ-қырғыз – бір туған" деген сөз бар. Бір кеңістікте бауырлас, тату болып, арамыздағы қарым-қатынасты нығайта береміз. Қырғыз Республикасының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Біз бұл оң үрдісті қолдаймыз. Қырғыз Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Мұны Қырғызстан мен Орталық Азия елдері үшін тарихи оқиға деп айтуға болады. Осыған орай Президент Садыр Нургожоевич Жапаровқа құттықтау хат жолдадым", – деді президент.

Сурет: akorda.kz

Өз кезегінде, Марлен Маматалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесу үшін алғыс айтып, президент Садыр Жапаровтың ыстық ықыласын жеткізді.

"Қырғыз тарапы Сіздің басшылығыңызбен іске асырылған ауқымды конституциялық өзгерістерді қолдайды. Мен мұны сенімді түрде айта аламын. Бұл әділетті әрі озық Қазақстанды құруға берік негіз қалайды. Сізге және бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік, бақ-береке тілеймін. Қолға алған реформаларды табысты жүзеге асыруларыңызға тілектеспін", – деді Жогорку Кенеш төрағасы.

Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды дамыту және жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтарды заңнамалық тұрғыдан тиімді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, екі елде жүргізіліп жатқан жүйелі әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде мазмұнды әрі егжей-тегжейлі әңгіме өрбіді.

Президент пен Жогорку Кенеш төрағасы Қазақстан мен Қырғызстанның стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынасын жан-жақты дамытуға бейіл екенін растады.

Қазақстан
Қырғызстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті