Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, үйге найзағай түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 13 маусымда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады:

"Хабарлама түскен бойда оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі шапшаң әрекеттерінің арқасында жалын ошағы қысқа уақытта оқшауланып, оттың жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Өрт 120 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылардың кәсіби жұмысы ірі материалдық шығынның алдын алып, көршілес нысандарды өрттен сақтап қалуға мүмкіндік берді".

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін БҚО-да айдалада балшыққа батқан жол талғамайтын көліктегі үш адам құтқарылғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қарағанды облысында көктайғақ кезінде жол үстінде дрифт жасаған үш жүргізуші жауапқа тартылды

Ақмола облысында жұмысшыны ауыр темір басып қалды