БҚО-да айдалада балшыққа батқан жол талғамайтын көліктегі үш адам құтқарылды
Сурет: видеодан алынды
Бүгін, 2026 жылы 13 маусымда, таңертең Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылдық округі аумағындағы Битік су қоймасы маңында жол талғамайтын көлік су толы жыраға түсіп, батқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Құтқарушылар азаматтарды қауіпті аймақтан шығарып, арнайы техниканың көмегімен көлікті қауіпсіз жерге алып шықты.
"Көлік ішінде 1992, 1995 және 1998 жылы туған үш ер адам болған. Ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін оларға медициналық көмек қажет болмады", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
ТЖД су айдындарының маңында және топырақ жолдармен жүрген кезде сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Әсіресе, қараңғы уақытта және көру мүмкіндігі шектелген жағдайда аса мұқият болған жөн.
Бұған дейін Жер шарын велосипедпен шарлауға шыққан шетелдік саяхатшы Ақтауда қиын жағдайға тап болғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript