Алматыдағы үш адамның өмірін қиған жол апаты: прокурор 10 жыл сұрады

2026 жылғы 22 маусымда Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылында болған резонансты жол-көлік оқиғасына қатысты сот процесі жарыссөз кезеңіне өтті, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2026 11:58 Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 22 маусымда Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылында болған резонансты жол-көлік оқиғасына қатысты сот процесі жарыссөз кезеңіне өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айыптау актісінде прокурор Әлібек Күмісбеков соттан айыпталушы Александр Пакты кінәлі деп танып, оған қауіпсіздігі ең төмен колонияда 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Прокурордың айтуынша, айыпталушы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, көлікті мас күйінде басқарған және жылдамдықты шамадан тыс асырған. Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан.

Мамандардың мәліметінше, Zeekr көлігінің апат алдындағы жылдамдығы шамамен 219 км/сағ болған.

"Қаланың ішінде, түнгі уақытта, мас күйде мұндай жылдамдықпен көлік басқару – жай ғана абайсыздық емес, бұл барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін әдейі жасалған өлім қаупі. Алкоголь мен руль – үйлеспейтін ұғым, ал жылдамдық – жауапкершілік өлшемі. Бұл іс бойынша үкім осындай әрекеттерге қатаң ескерту болуы тиіс", – деді прокурор.

Жәбірленуші тарап өкілдері ауыр қайғыны бастан өткеріп отырғандарын айтып, айыпталушыны кешіргендерін жеткізді. Дегенмен олар жазаны заң аясында тағайындауды сұрады. Тек қаза тапқан Томирис Қыдырбеваның әкесі 100 млн теңге көлемінде ең жоғары өтемақы талап етті.

Еске салайық, 2026 жылғы 21 наурызда Алматы қаласында болған жол апаты салдарынан үш адам қаза тапқан. Zeekr көлігін тізгіндеген жүргізуші мас күйде қарсы бағытқа шығып, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Күдікті аман қалып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: