Алматыда жол талғамайтын көлік 11 жасар баланы қағып, мерт етті

Жол апаты, Алматы, Хегай көшесі, жол талғамайтын көлік, қайғылы оқиға, бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2025 17:24 Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 10 тамызда Алматы қаласының Наурызбай ауданында жол апаты орын алды. Жол талғамайтын көлік 2013 жылы туған баланы қағып кетті. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Range Rover жүргізушісі А. Хегай көшесімен шығыс бағытта келе жатып, алдынан шыққан баланы қағып кеткен. Көшенің тар екенін де баса айта кетелік.

Сурет: Zakon.kz

"2013 жылы туған бала жол үстінде болған. Өкінішке қарай, апат салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты", деп хабарлайды құқық қорғау органдары.

Жол апаты, Алматы, Хегай көшесі, бала, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2025 17:24

Сурет: Zakon.kz

Адамның өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін Қаламқас кен орнында жол апаты болып, екі адам зардап шеккенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: