Алматы облысында 4 жасар баланы көлік қағып, мерт қылды

Жол апаты, Алматы облысы, Саймасай ауылы, 4 жасар бала, көлік қақты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 17:09 Сурет: Zakon.kz
10 мамырда кешқұрым Алматы облысының Саймайсай ауылында 2018 жылғы баланы көлік қағып кетіп, мерт қылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Пащенко көшесінде болды. Opel Astra көлігі жолға атып шыққан баланы қағып кеткен. Көлік рөлінде әйел адам болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бала жолға аяқ-астынан атып шыққан.

Сурет: Zakon.kz

Opel Astra, жол апаты, Алматы облысы, Саймасай ауданы, 4 жасар бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 17:09

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнына жеткен біздің тілшімізге сол маңдағы адамдар балақайдың әрдайым жолдың арғы бетіндегі құм үстінде ойнайтынын жеткізді. Әйел адам бірден жедел жәрдем көлігін шақырды, олар баланы жансақтау бөліміне жеткізді, бірақ кейінірек балақайдың көз жұмғаны белгілі болды.

Сурет: Zakon.kz

Жол апаты, Алматы облысы, Саймасай ауылы, 4 жасар бала, көлік қақты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 17:09

Сурет: Zakon.kz

Жол апатының мән-жайын Алматы облысының анықтаушысы анықтайтын болады, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: